Мамандар сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді қорғап жатқанда, екінші бір бағытта көзге көрінбейтін, бірақ ауқымды таралу үдерісі жүріп жатыр. Толығырақ...
Жылдам жүретін автожолдардың бойында, қалалық арықтардың жағасында және өзендердің қорғалатын жайылмаларында бөгде өсімдік түрлері пайда болуда. Олар төзімді, агрессивті және табиғи жаулары жоқ. Адамның қорғауын қажет етпей-ақ, жергілікті флораның тіршілік кеңістігін біртіндеп иеленіп келеді.
Осылайша, отандық ғылымда мүлде жаңа құралға — флораның «Қара кітабын» жасау қажеттілігі туындады.
Бұл бағыттағы алғашқы іргелі еңбек — Ботаника және фитоинтродукция институты дайындаған «Алматы облысының қара кітабы». Оған өңірде таралған инвазиялық өсімдіктердің 71 түрі енгізілген.
Бөгде өсімдіктер Қазақстан экожүйелеріне неліктен қауіп төндіреді? Ландшафттарымызға таралып жатқан негізгі басқыншы түрлер қайсы және олардың таралуын қалай тоқтатуға болады?
Толығырақ National Geographic Qazaqstan журналындағы мақаладан оқыңыз. Толық материал сілтеме бойынша.