«Жетісудың биоәртүрлілігі: осал түрлер, ақ дақтар» байқауының қорытындысы шығарылды

29 февраля 2024,

Ғылымды танымал ету және азаматтық қоғамды ғылыми қоғамдастық алдында тұрған мәселелерді шешуге тарту – Ботаника және фитоинтродукция институтының алдына қойған маңызды міндеті. Толығырақ…

Институт үшінші жыл бойы әлемге танымал Citizen Scientists бағытын - азаматтық ғылым жобаларын немесе ғылыми волонтерлікті дамытуда. Осы бағыт аясында мектеп оқушыларына арналған «Жас ғалымдар мектебі» және ересек экологиялық еріктілерге арналған «Жасыл рейнджер» жобалары сәтті жүзеге асырылды. Бұл жобалар ғылым мен ғалымдардың алдында тұрған әлеуметтік мәселелер мен міндеттерді шешу үшін біріктірілген ғылым, қоғам және бизнестің табысты ынтымақтастығының мысалдары болып табылады. Біздің институт биоалуантүрлілікті сақтау, экология және табиғатты қорғау мәселелеріне бей-жай қарамайтын азаматтардың назарын аударатын орталыққа айналып, жұртшылықты тарту бағытында жұмыс жасап келеді.

Сондай жобалардың бірі – iNaturalist платформасындағы «Жетісудың табиғи мұрасы: сақтай біл» жобасы. Жобаға бірнеше ұйым біріккен. Бұлар «Биологияны сақтаудың ашық зертханасы», Ботаника және фитоинтродукция институты, Зоология институты және серіктестер – WWF Орталық Азия бағдарламасының, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының, Қазақстан ұлттық комитетінің ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы қолдауымен. Жобаның бастамашысы және үйлестірушісі - Ботаника және фитоинтродукция институтының геоботаника зертханасының ғылыми қызметкері Александр Дубынин, соның арқасында елімізде INaturalist платформасы даму қарқынына ие болды.

Жоба Жетісу аумағындағы жануарларды, өсімдіктерді және саңырауқұлақтарды фотобақылау түріндегі ақпарат жинауға табиғат сүйер қауымның, натуралистердің, туристердің белсенді қатысуына ықпал етті. Бұл ақпарат біздің еліміздегі мәліметтерді тексеретін және бақылайтын, жануарлардың мекендеу ортасының өзгеруі және әртүрлі өсімдік түрлерінің өсуі туралы қорытынды жасайтын, болып жатқан өзгерістерді зерттейтін кәсіби ботаниктердің және зоологтардың жұмысы үшін қажет. Осы жоба аясында 2023 жылы «Жетісудың биоәртүрлілігі: осал түрлер, ақ дақтар» байқауы өтті. Байқауға қатысушылар сирек кездесетін өсімдіктердің, жануарлардың және саңырауқұлақтардың мүмкіндігінше көп түрлерін тауып, суретке түсіріп, сол арқылы ғылыми қауымдастықтың әрі қарай пайдалануы үшін мәліметтер қорын толықтыруы тиіс еді. Байқаудың жүлде қорын «Шеврон» компаниясы Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қорымен бірлесіп Tabigat Labs бағдарламасы аясында бөлді.

28 ақпанда Ботаника және фитоинтродукция институтының ғимаратында зерттеушілердің, ғалымдардың, табиғат жанашырларының және жаратылыстанушылардың қорытынды кездесуі өтіп, онда байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Осы жобаға атсалысқандардың барлығына алғыс айтамыз және қатысушылар саны жыл сайын арта береді деп сенеміз.

                

Жіберілімге жазылыңыз