22 наурызда Бас ботаникалық бақ аумағында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бастамасымен «Орман күнін» мерекелеуге арналған іс-шара өтті. Толығырақ…
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының табиғатты қорғау ұйымдарына студенттер мен оқушыларына Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер әлемі туралы» Заңын қабылдау бойынша түсіндірме іс-шаралары өткізілді.
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен Орман шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы Нұрпейісов Мәди Науанұлы сөз сөйлеп, іс-шараға қатысушыларды құттықтап, қабылданған Заңның маңыздылығына тоқталды. Қатысушылар алаңға қылқан жапырақты өсімдіктер отырғызды.
Аумақты аралап сенбілік өткіздік. Дендрология зертханасының аға ғылыми қызметкері Светлана Вячеславовна Набиева қонақтарға Бас ботаникалық бақ аумағына қызықты экскурсия жүргізді.