Оспан Құдайбергенұлы Әбдірахмановтың құттықтауы

24 марта 2023,

Бүгін, 24 наурызда Ботаника және фитоинтродукция институтының Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Толығырақ…

Өсімдік ресурстары зертханасының ардагері, Қазақ жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы Оспан Құдайбергенұлы Әбдірахмановты 80 жасқа толған мерейтойымен институт қызметкерлері құттықтауға жиналды!
Өсімдік ресурстары зертханасының ұжымы Оспан Құдайбергенұлының өмір жолы, 50 жылдық ғылыми қызметіндегі барлық табыстары, дәрілік өсімдіктерді зерттеудегі жетістіктері туралы презентация дайындады. Институт ұжымы Оспан Құдайбергенұлын мерейтойымен құттықтап, адрестік папка мен сыйлықтар табыс етті.
Оспан Құдайбергенұлын тағы да тамаша датамен шын жүректен құттықтап, деніңізге саулық, бақ-береке, оптимизм және ұзақ ғұмыр тілейміз!

                  

Жіберілімге жазылыңыз