Қазақстан ғылым қызметкерлері күні құтты болсын!

11 апреля 2023,

Бүгін, 12 сәуірде Қазақстанда Ғылым қызметкерлері күні аталып өтілуде. Дәл осы күні қазақтың көрнекті ғалымы-геологы, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев дүниеге келді. Ол Қазақстандағы ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрып, бүкіл өмірін ғылым мен оның дамуына арнады. Толығырақ…

 

Ұлы ғалымның ізбасарлары көп, олардың арасында өткен жылы 90 жылдығын атап өткен Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкерлері бар. Біз институтымызда әр кезеңдерде еңбек еткен және жалғастырып келе жатқан көрнекті ғалымдарды мақтан тұтамыз. Көптеген қиындықтарға қарамастан ғалымдарымыз күн сайын аянбай еңбек етіп, өсімдіктерді зерттеп, сүйіспеншілікпен өсіріп, экспедицияларға шығып, ғылыми еңбектер жазып, жаңалықтар ашып, бірегей жобаларды жүзеге асыруда. Олар өздерінің еңбектерімен, жігерлерімен және ынталарымен Қазақстанның ботаника ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосуда.

Бас ботаникалық бақ және «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК барлық әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды! Әрбір жаңа күн қызықты идеяларға, пайдалы жаңалықтарға, шабыт пен жетістіктерге толы болуын тілейміз!

 

Жіберілімге жазылыңыз