Ботаника және фитоинтродукция институтының Микология және альгология зертханасының бас ғылыми қызметкері, б.ғ.д. - Құрметті Елена Владимировна Рахимованы қауымдастырылған профессор атағын беруімен құттықтаймыз! Толығырақ…
Елена Владимировна институтта 30 жылдан астам жұмыс істейді, мұнда лаборанттан бас ғылыми қызметкерге дейінгі кәсіби жолды өтті.
Елена Владимировна – елімізде ғана емес, шетелде де танымал микология саласындағы жоғары білікті маман, ол «Open Access Journal of Mycology & Mycological Sciences (OAJMMS)» журналының редакторы, «Вестник Пермского университета. Серия Биология» және «Вестник Удмуртского университета. Серия Биология. Науки о Земле» журналдарының редакциялық алқасының мүшесі. 2000 жылдан 2016 жылға дейін Британдық микологиялық қоғамының мүшесі болды.
Институтта жұмыс істеген жылдары Елена Владимировна гранттық және халықаралық жобаларды басқарды, 6 ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жауапты орындаушысы болды. Рахимова Е.В. 270-тен астам ғылыми мақалалар жарияланды, оның ішінде импакт-факторы нөлдік емес шетелдік рецензияланған журналдар бар. Елена Владимировна - «Мучнистая роса и парша яблони: ультраструктурные аспекты», «Грибы на деревьях и кустарниках Заилийского Алатау», «Грибы Казахстанского Алтая (конспект видов)», «Микологические экскурсии по Заилийскому Алатау», «Иллюстрированный атлас основных грибных болезней дикорастущих злаков Казахстана», «Атлас коллекционных культур микроорганизмов», «Разнообразие грибов пустынных низкогорий юго-востока Казахстана и хребта Кетмень» сияқты 8 монографияның авторы.
Елена Владимировна - өз білімін жас мамандарға жанқиярлықпен беретін тәжірибелі тәлімгер. Елена Владимировнаның жетекшілігімен Джахан Н., Абатова Ж.У., PhD-доктор Асылбек А.М. магистрлік диссертацияларын қорғады, қазіргі уақытта докторанттар Сыпабекқызы Ғ. және Ж.Айтымбеттің ғылыми жетекшісі (PhD) болып табылады.
Қауымдастырылған профессор, б.ғ.д. Е.В. Рахимоваға зор денсаулық, Қазақстанның ботаника ғылымының игілігі үшін жаңа ғылыми жетістіктер және ризашылық білдіретін оқушылар тілейміз!