Гүлнар Тоқбергенқызы Ситпаеваны академик Н. Базанова атындағы сыйлықты алуымен құттықтаймыз!

13 марта 2026,

6 наурыз 2026 жылы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясында академик Н. Базанова атындағы сыйлықты табыстау салтанатты рәсімі өтті. Бұл марапат отандық әйел-ғалымдарға арналған. Толығырақ...

Академик Н. Базанова атындағы сыйлықпен отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып, әртүрлі ғылыми бағыттарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген 66 жетекші әйел-ғалым мен ғылыми қызметкер марапатталды. Олардың қатарында — Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры, ҚазҰАЕН академигі, биология ғылымдарының докторы Гүлнара Тоқбергенқызы Ситпаева бар. Ол 30 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның өсімдіктер әлемін зерттеу және сақтау бағытында ғылыми жұмыстар жүргізіп келеді.

Гүлнара Тоқбергенқызын осы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Оған жаңа ғылыми жаңалықтар, шығармашылық шабыт және сарқылмас күш-қуат тілейміз. Алдағы уақытта да ғылым мен Қазақстан табиғатының игілігі үшін маңызды нәтижелерге қол жеткізе берсін!

   

Жіберілімге жазылыңыз