Еліміз 20 қазанда атап өткен «Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман Шаруашылығы және Жануарлар Дүниесі Комитеті Ботаника және фитоинтродукция институтының жетекші ғалымдарын I-дәрежелі «Биоартурлiктi сақтау iсiне қосқан үлесi үшiн» төсбелгiсiмен марапаттады. Толығырақ...
Бұл марапатқа Қазақстан өсімдіктерінің биологиялық әртүрлілігін зерттеуді, сақтауды қамтамасыз етуде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында белсенді ынтымақтастық пен ғылыми әзірлемелерді енгізгені үшін, сондай-ақ осы салада көп уақыт бойы мінсіз және үздіксіз жұмыс істегені үшін елеулі табыстарға қол жеткізген әріптестер ие болды:
1. Н. Г. Гемеджиева- б.ғ.д., профессор, өсімдік ресурстары зертханасының меңгерушісі;
2. Л.А. Димеева– б.ғ.д., геоботаника зертханасының меңгерушісі;
3. С.Б. Нұрашов – б.ғ.к., микология және альгология зертханасының меңгерушісі;
4. П.В. Веселова - б.ғ.к., жоғары өсімдіктер флорасы зертханасының меңгерушісі.
Кәсіби мерекені мерекелеу күндерінде Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясының марапаты да келгені өте символдық. Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай жоғары ғылыми әлеуетке ие, үздік нәтижелер көрсеткен жетекші ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің ішінде біздің институттың бас директоры, биология ғылымдарының докторы Ситпаева Гүлнара Тоқбергенқызы мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды. Гүлнара Тоқбергенқызы Ғалымдық Экологиялық Қордын қаржылық қолдаумен Қазақстан Республикасының Үкметімен серіктестікте БҰҰДБ жүзеге асырған Жан-жақты пайда алу мақсатында ғалымдық маңызды бар экожүйелерді сақтау және тұрақты басқару жобасын сәтті жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Алғыс хатымен жеке марапатталды.
Биоәртүрлілікті сақтауға қосқан үлесі осы марапатқа ие болған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз және болашақта да кәсіби табыс тілейміз!