Астана ботаникалық бағының 5 жылдығы құтты болсын!

02 июля 2023,

«Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК ұжымы институтымыздың филиалы және еліміздегі ең жас ботаникалық бақ болып табылатын Астана ботаникалық бағын 5 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Толығырақ…

Осы оқиғаға орай 29 маусымда Астана Ботаникалық бағында «Қазақстандағы ботаникалық бақтар мен дендропарктардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оған Қазақстанның әртүрлі қалаларынан мен алыс және жақын шет елдерден келген әріптестері қатысты.

2018 жылы Астана қаласында ботаникалық бақтың құрылуы тек осы қаланың ғана емес, бүкіл еліміздің ғылыми, мәдени және білім беру ісіндегі айтулы оқиғаға айналды. Астана ботаникалық бағының жалпы ауданы 89,1770 гектарды құрайды, оның ішінде: саябақ аумағы – 42,9 гектар; ғылыми аймақ – 46,3 га. АстБб ғылыми аймағындағы экспозицияларда 13671 ағаш пен бұта, 300-ден астам коллекциялық өсімдіктер отырғызылды. Астана ботаникалық бағында тамшылатып суару, тұмандандыру жүйелері толық автоматтандырылған, ТМД елдерінде теңдесі жоқ климатронға ұқсас заманауи жылыжай кешені салынды. Қазіргі уақытта ботаникалық бақтың жылыжай өсімдіктерінің коллекциясында тропикалық және субтропиктік өсімдіктердің экологиялық-географиялық шығу тегі әртүрлі 68 тұқымдастың 203 тұқымдасқа жататын 247 түрі, 102 гибридті сорттары бар.

Астана ботаникалық бағында 7 зертхана бар. 2021 жылы Астана ботаникалық бағының гербарийі Index Herbariorum халықаралық деректер базасына енгізіліп, «NUR» аббревиатурасына ие болды.  АстБб құрылғаннан бері зерттеушілер 40-тан астам ғылыми мақалаларды, оның ішінде Scopus және WOS деректер базасында (Q1-Q3) индекстелген шетелдік журналдарда 15 мақала және ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған отандық журналдарда 10 мақала жариялады.

Әріптестерімізді Астана ботаникалық бағының 5 жылдығымен құттықтаймыз! Өркендеу, ғылыми жетістіктер, жемісті еңбек және нәтижелі даму тілейміз!

                

Жіберілімге жазылыңыз