Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

11 февраля 2023,

11 ақпанда әлем әйелдер мен қыздардың ғылымға толық және тең қолжетімділігін және қатысуын қамтамасыз ету мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күнін атап өтуде. Толығырақ…

«Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК ірі ғылыми ұйым, оның мақсаты әлемдік ғылымның жетістіктерін ескере отырып, ботаника және фитоинтродукция саласында іргелі және қолданбалы инновациялық зерттеулер жүргізу болып табылады. Институт құрамына 4 ботаникалық бақ, 9 зертхана және Гербарий (АА), тірі өсімдіктердің коллекциялары және Қазақстанның табиғи флорасының Тұқым банкі ұсынған коллекциялық қор кіреді. Институттың жетістіктеріне жоғары кәсіби, еңбекқор, парасатты және дарынды әйелдер – ботаниктердің қосқан үлесі зор. Олар ғылыми салада әйелдердің ерлерден кем түспейтінін жеке мысалмен дәлелдеп отыр. Институттағы тоғыз зертхананың жетеуін әйелдер басқарады. 15 жыл бойы «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК бас директоры Ситпаева Гүлнар Тоқбергенқызы – биология ғылымдарының докторы, ҚазҰАЭА академигі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының құрметті мүшесі, ҚР ҒА-ның төрайымы, Қазақстан Республикасының Ботаникалық бақтар және дендрологиялық парктер кеңесі, 200-ден астам ғылыми басылымдардың авторы болып табылады.

«Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК қызметкерлерін және барша ғалым әйелдерді Халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күнімен құттықтаймыз! Сізге барлық бастамаларыңызға сәттілік, маңызды ғылыми жаңалықтар, жарқын жеңістер және ең батыл идеяларды жүзеге асыру мүмкіндігін тілейміз! Ерен еңбегіңіз үшін рахмет!

Жіберілімге жазылыңыз