Инга Валерьевна Бабайды марапатымен құттықтаймыз!

22 октября 2026,

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Толығырақ...

Іс-шараға министрлік қызметкерлері, орман саласының мамандары, табиғатты қорғау ұйымдарының өкілдері және сала ардагерлері қатысты.

Салтанатты рәсім барысында министр мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтап, орман шаруашылығын дамытуға, табиғатты қорғауға және биоалуантүрлілікті сақтауға қосқан үлесі үшін марапаттар табыс етті.

Сала қызметкерлері министрдің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен, «Орман шаруашылығының үздігі» төсбелгілерімен және «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.

Марапатталғандардың қатарында Ботаника және фитоинтродукция институтының дендрология зертханасының аға ғылыми қызметкері Инга Валерьевна Бабай да бар.

Инга Валерьевна, сізді лайықты марапатыңызбен құттықтаймыз! Ғылыми қызметіңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер және амандық тілейміз!

Жіберілімге жазылыңыз