Ботаника және фитоинтродукция институтының ұжымы жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Айжамал Абдраимқызы Шорманованы мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! Толығырақ...
Құрметті Айжамал Абдраимқызы!
Әрдайым деніңіз сау, сүйікті, көрікті, табысты болыңыз! Сізге жаңа қызықты жобалар, қызықты сапарлар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз! Әрдайым сондай нәзік, сымбатты, мейірімді және өнерлі бола беріңіз. Жақын және сізге қымбат жандар әрдайым жаныңызда болып, сізді қамқорлық пен назарға бөлеп жүрсін!
Айжамал Абдраимқызы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын аяқтағаннан кейін ҚазОРҒЗИ институтында жұмыс істеді. 1997 ж. онкология мамандығы бойынша «Ісік өсу кезіндегі қызудың тәулік ырғақтылығының құрылымы және оны метотрексатпен фоторежімдер арқылы модификациялау» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1998 ж. бастап Айжамал Абдраимқызы біздің Институтта, Жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасы зертханасында жұмыс істейді. Ол бюджеттік бағдарламалар мен ғылыми гранттардың орындаушысы болып табылады, сондай-ақ келісімшарт негізіндегі тақырыптардың орындалуына қатысады. Атап айтқанда: «Жамбыл облысының өсімдіктер кадастрын құрастыру және оларды ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу»; «Жамбыл облысының пайдалы өсімдіктерінің кадастрын жасау» жобаларына қатысқан. Сонымен қатар Қызылорда облысының Мемлекеттік өсімдіктер кадастрын жасау жөніндегі келісімшарттық жұмыстың жетекшісі болған. Жұмыс нәтижесінде «Қызылорда облысының жоғары сатыдағы өсімдіктерінің конспектісі» жарық көрді. Жоба аяқталған соң шығарылған қорытынды еңбектер — «Қызылорда облысының Мемлекеттік өсімдіктер кадастры» және «Қызылорда облысының сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктері (Қызыл кітап)» — Институт тарапынан 2015 жылы Алматы қаласында өткен «Білім және Мансап» көрмесінде ұсынылды. Кейін бұл еңбектер 2015 жылы өткен 28-ші Мәскеу халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде таныстырылып, Диплом және «Алтын» медальмен марапатталды.
Айжамал Абдраимқызы Институттың қоғамдық өміріне белсене қатысады. Ол үнемі өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отырады, ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, практикумдар мен тағылымдамаларға қатысады.
Оның авторлығымен 48 ғылыми мақала, оның ішінде 3 мақала Scopus базасында, сондай-ақ 12 ұжымдық монография жарияланған.