Бахытжан Сагидолдаұлы Байракимовты мерейлі юбилейімен құттықтаймыз!

30 октября 2025,

Ботаника және фитоинтродукция институтының ұжымы агротехникалық бөлімнің жетекшісі, құрметті Бахытжан Сагидолдаұлы Байракимовты мерейлі юбилейімен шын жүректен құттықтайды! Толығырақ...

Бахытжан Сагидолдаұлы Ботаника және фитоинтродукция институтында 10 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. 2014 жылдан бастап ол Институттың өндірістік-шаруашылық қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ Бас ботаникалық бақ аумағында агротехникалық іс-шараларды жүргізу бойынша белсенді жұмыс атқарып келеді.
Бахытжан Сагидолдаұлының басшылығымен ҚР ЭТРМ ОШЖДК «Ботаника және фитоинтродукция институтының» ШЖҚ РМК Бас Ботаникалық бағы аумағында ағаш-бұталы, гүлді-декоративті, жеміс-жидекті, сирек және дәрілік өсімдіктердің бірегей коллекциялық учаскелері мен экспозицияларын сақтау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл үлес – баға жетпес еңбек.
Әріптестері Бахытжан Сагидолдаұлын кәсіби білікті, еңбекқор, мейірімді, әзілге жүйрік, өз ісіне адал маман ретінде таниды.
Юбилярға мықты денсаулық, амандық, отбасылық береке және бар жақсылықты тілейміз!
Алдағы уақытта да жарқын сәттерге, тың идеялар мен кәсіби жетістіктерге толы табысты жылдар болсын!

Жіберілімге жазылыңыз