Ботаника және фитоинтродукция институтының ұжымы Масалимова Шолпан Қуанышбаевнаны туған күнімен шын жүректен құттықтайды! Толығырақ...
Шолпан Қуанышбаевна биология саласындағы білікті маман болып табылады. Еңбек жолын ол химия-биология пәнінің мұғалімі ретінде бастады. Өсімдіктерге деген сүйіспеншілік оны 2018 жылы Астана ботаникалық бағына әкелді, ол астаналық оранжереяның құрылуына және іске қосылуына қатысқан. Кейін ол аталмыш оранжерлік кешеннің алғашқы меңгерушісі болды.
2020 жылы Шолпан Қуанышбаевнаны Алматыдағы Бас Ботаникалық баққа тропикалық және субтропикалық өсімдіктер зертханасының меңгерушісі қызметіне ауыстырды. Жұмыста ол күрделі мәселелерді шешуде шығармашылық және дара көзқарасымен ерекшеленетін бастамашыл жетекші ретінде өзін көрсетті. Өз ісіне жан-тәнімен берілген және құмар маман. Көшбасшылық қасиеттері мен әріптестерін шабыттандыра білуі арқасында Шолпан Қуанышбаевна ұжымда құрмет пен беделге ие.
Құрметті Шолпан Қуанышбаевна, сізге мықты денсаулық, сарқылмас энергия, шабыт және барлық бастамаларыңызда шығармашылық табыс тілейміз! Сіздің идеяларыңыз оңай жүзеге аса берсін, әрбір жоба нәтижелі болсын, ал өміріңіз жарқын, мазмұнды және жағымды сәттерге толы болсын!