Мұқан Гауһар Сейсенбекқызының туған күні құтты болсын!

30 января 2025,

Ботаника және фитоинтродукция институтының ұжымы биология ғылымдарының кандидаты, А.Жанғалиев атындағы жабайы жеміс өсімдіктерінің генофондын қорғау және интродукциялау зертханасының меңгерушісі Мұқан Гауһар Сейсенбекқызын мерейтойымен құттықтайды! Толығырақ...

Гаухар Сейсенбекқызы Ботаника және фитоинтродукция институтында 18 жыл жұмыс істейді. 2008 жылы бірінші басшы, б.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі А.Д. Жанғалиевтің ұсынысы бойынша оны А.Д.Жанғалиев атындағы жемісті өсімдіктерді жерсіндіру және гендік қорды қорғау зертханасының меңгерушісі етіп тағайындады.

Гауһар Сейсенбекқызы жетекшілік ететін зертхана Сиверс алмасының, кәдімгі өріктің және басқа да жеміс-жидек өсімдіктерінің бірегей түрлерін зерттеу, сақтау және табиғатта тиімді қалпына келтірумен айналысады. Сондай-ақ жеміс-жидек өсімдіктерінің биохимиялық бағасын анықтау, ұсыныстар беру және Қазақстанның селекциялық, орманды молықтыру жұмыстарына және тамақ өнеркәсібіне арналған Сиверс алма ағашының және кәдімгі өрік клондық сорттарын өндіріске енгізу. Гауһар Сейсенбекқызының жетекшілігімен ҚР ЭТРМ ОШЖДК «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК-ның Бас Ботаникалық бағы аумағында Сиверс алма ағашының бірегей генофондын зерттеу және сақтау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Коллекциялық қор Қазақстанның табиғи популяцияларынан іріктеліп алынған Сиверс алма ағашының 170-тен астам түрімен ұсынылған. Республиканың тау жүйелеріне жүргізілген экспедициялық зерттеулердің арқасында қолда бар коллекция үнемі кеңейтіліп отырады.

2024 жылы «Ботаника және фитоинтродукция институты» жанынан «Сиверс алма ағашын зерттеу және сақтау орталығының» құрылуы бірегей табиғи мұраны сақтау және зерттеу жолындағы үлкен қадам болды. Осы Орталықтың арқасында Гауһар Сейсенбекқызы мен оның зертхана қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмыстарын кеңейтіп, алма ормандарын сақтау мен молықтырудың жаңа деңгейіне көтеріледі.

Әріптестер Мұқан Гауһар Сейсенбекқызын өз ісіне адал, еңбекқор адам ретінде таниды. Оның Қазақстандағы жабайы жеміс өсімдіктерін сақтау мен қалпына келтіруге қосқан үлесі баға жетпес.

Гауһар Сейсенбекқызын туған күнімен тағы да құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, амандық және барлық жақсылықты тілейміз! Алда көптеген жарқын жаңалықтар, қызықты жобалар мен кәсіби жетістіктер көп болсын!

Жіберілімге жазылыңыз