Бүгін көрнекті қазақ жазушысы, ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменов өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде! Толығырақ...
Оның есімі — Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Олжас Омарұлының шығармашылығы, азаматтық ұстанымы және көпжылдық ағартушылық қызметі көптеген ұрпаққа шабыт беріп, қоғамдағы рухани және гуманистік құндылықтардың нығаюына ықпал етіп келеді.
Олжас Омарұлының өмірді, қоршаған ортаны және келер ұрпақтың болашағын қорғауға бағытталған бастамаларға қосқан үлесі ерекше құрметке лайық. Оның бастамасымен құрылған "Невада-Семей" антиядролық қозғалысы экологиялық қауіпсіздік пен гуманистік мұраттар жолындағы күрестің маңызды символына айналды. Бұл құндылықтар Ботаника және фитоинтродукция институты ғалымдарының қызметімен де үндес. Оның қоғамның экологиялық санасын қалыптастыруға қосқан үлесі, табиғатты сақтау мәселелеріне және адамның Жер алдындағы жауапкершілігіне назар аударуы бүгінгі күні де өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Терең құрмет пен алғыс белгісі ретінде Бас Ботаникалық бақта Олжас Омарұлы Сүлейменовке арналған атаулы орындық орнатылған.
Құрметті Олжас Омарұлы, мерейтойыңыз құтты болсын! Сізге зор денсаулық, амандық, сарқылмас қуат, шабыт, жаңа шығармашылық жетістіктер және ұзақ ғұмыр тілейміз! Сіздің сөзіңіз алдағы уақытта да адамдарды біріктіріп, игі істерге жігерлендіріп, бейбітшілік, мәдениет және туған жерге деген сүйіспеншілік секілді биік мұраттарға қызмет ете берсін!