Ғалымдарға арналған National Geographic гранттық бағдарламаларының таныстырылымы

06 октября 2025,

Ботаника және фитоинтродукция институты National Geographic Society ұйымымен ынтымақтастықты бастады. 137 жылдық тарихы бар бұл ұйым экожүйелерді қорғау, табиғат, мәдениет және орнықты даму салаларындағы ғылыми зерттеулерді қолдаумен айналысады. Толығырақ...

1 қазанда Институтта National Geographic Society гранттық бағдарламаларына арналған таныстырылым өтті. National Geographic Society-дің Азия–Тынық мұхиты өңірі бойынша атқарушы директоры доктор Янник Кюль ғылыми қызметкерлерге гранттық қолдаудың негізгі бағыттары, үміткерлерге қойылатын талаптар және табысты өтінімді дайындау кезеңдері туралы айтып берді.

Кездесуге қатысушылар грант түрлерімен, жобаларды бағалау критерийлерімен, онлайн платформа арқылы өтінім беру ерекшеліктерімен танысып, мақсаттарды дұрыс тұжырымдау мен бюджет негіздемесін жасау бойынша практикалық кеңестер алды. Кездесу соңында доктор Кюль институттың ғылыми қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Презентациядан кейін доктор Янник Кюльге Институт бойынша таныстыру туры ұйымдастырылды. Ол Өсімдіктер биотехнологиясы және молекулалық генетика зертханасы мен Өсімдіктер дүниесінің кадастрын жүргізу зертханасында болып, ботаникалық бақты аралап шықты.

    

Жіберілімге жазылыңыз