10 қазанда жоғары өсімдіктер флорасы зертханасының ғылыми қызметкері Уразалина Алина Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлеріне презентация жасады. Толығырақ…
Өз презентациясында Уразалина А. 11-22 қыркүйек аралығында Корея Республикасындағы Орталық Азиядан келген жас ғалымдарға арналған халықаралық ынтымақтастық шеңберінде (Korean National Arboretum, Baekdudaegan National Arboretum) қатысқан тренинг туралы айтты. Ғылыми тағылымдама барысында ол тұқым өсіру әдістемесін, өсімдік биотехнологиясын және өсімдік тіндерін өсіруді, өсімдіктердің молекулалық биологиясын және статистикалық деректерді өңдеуді игерді. Тренингтен өткеннен кейін біздің жас ғалым алған білімдерін тәжірибеде қолдануға және оны әріптестерімен бөлісуге дайын.