2023 жылдың 5-6 қыркүйегінде ҚР ЭТРМ ОШЖДК «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК-да су шығынын бақылауға арналған SFM1 жабдығының ашылуы өтті. Толығырақ…
Құрылғыны ICT Intenational (Австралия) негізін қалаушы доктор Питер Колл таныстырды. Презентация таныстыруында Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы Әділбаев С.Б., Алматы қаласы әкімдігінің қызметкерлері, ҚазҰАУ «Су, жер және орман ресурстары» факультетінің өкілдері проф., б.ғ.д. Кентбаев Е.Ж. және б.ғ.д. Кентбаева Б.А., сондай-ақ Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлері және институттың бас директоры, б.ғ.д. Ситпаева Г.Т. қатысты.
Жабдық Бас Ботаникалық бақта кәдімгі емен ағашында сынақтан өтті. Ағаштағы судың қозғалысы туралы ақпарат 24 сағат ішінде алынды. Ылғалды тұтыну күн инсоляциясының деңгейіне, температура мен ылғалдылыққа, өсімдіктің түрі мен жасына, оның жағдайына байланысты.
Жоғарыда аталған факторларға байланысты объективті мәліметтер алу үшін ұзақ мерзімді бақылаулар (3-5 жыл) жүргізу қажет. Ағаш ішіндегі судың қозғалысын жүйелі түрде зерттеу Алматы жағдайында суару нормалары мен өсімдіктерді қажетті ылғалмен қамтамасыз ету туралы мәліметтер береді.