Spiraeanthus ғылыми журналының редакциясы журналдың кезекті санында жариялау үшін ғылыми мақалалар қабылдаудың ашылғаны туралы хабарлайды. Толығырақ...
Журналдың тақырыбына сәйкес ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде бұрын жарияланбаған түпнұсқа ғылыми мақалалар қарауға қабылданады. Журнал ботаника, фитоинтродукция, дендрология, экология, биоәртүрлілік және онымен байланысты ғылыми бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін жариялауға бағытталған.
Барлық келіп түскен мақалалар міндетті ғылыми рецензиялаудан, сондай-ақ түпнұсқалық (плагиатқа), оның ішінде халықаралық деректер базасын пайдалана отырып тексеруден өтеді.
Әрбір жарияланған мақалаға DOI тағайындалады.
Жариялауға арналған материалдар журналдың талаптарына сәйкес электронды түрде қабылданады.
Мақалаларды ресімдеуге қойылатын толық талаптар, рецензиялау тәртібі және жариялау шарттары журналдың ресми бетінде орналастырылған: https://journal.botsad.kz/jour
Авторларды алдағы уақытта да ынтымақтастыққа шақырамыз және сіздің ғылыми жарияланымдарыңызға қуаныштымыз!
Құрметпен,
Spiraeanthus ғылыми журналының редакциясы