2024 жылдың 27 маусымы мен 2 шілдесі аралығында тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастық аясында Ботаника және фитоинтродукция институтына Батуми ботаникалық бағының әріптестері келді. Делегация құрамында Батуми ботаникалық бағының директоры Ираклий Арчаия, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, б.ғ.к. Давид Харазишвили, директордың қаржы және экономика жөніндегі орынбасары Леван Афхазава. Толығырақ…
Қонақтар Тұқым банкінің жұмысымен танысып, ғылыми жинақтарға қызығушылық танытты. Грузиядан келген әріптестер Батуми ботаникалық бағы туралы айтып, талқылау барысында сұрақтар қойылып, жинақтарды қалыптастыру, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жөнінде пікір алмасты.
27 маусымда Батуми ботаникалық бағының қызметкерлері дендросаябақ, Альпинарий, гүл және сәндік өсімдіктер топтамаларын аралады. Ботаника және фитоинтродукция институтының дендрологтары Батуми ботаникалық бағында коллекцияларды қалыптастыруға және алуға үлкен қызығушылық танытты. Директордың ғылым жөніндегі орынбасары Д.Харазишвили бақ туралы презентация көрсетті.
28 маусымда Институт директоры Г.Т. Ситпаева ашық жерге гүлді және сәндік өсімдіктерді интродукциялау зертханасының қызметкерлері Ирина Отрадных пен Ирина Съединамен, сондай-ақ зертхана меңгерушісі Ескендір Сәтековпен бірге Грузиядан келген әріптестері үшін Ұлы Алматы шатқалына ботаникалық экскурсия ұйымдастырды. Шатқал Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы көркем жерде орналасқан. Саяхаттың мақсаты Қазақстанның биік таулы флорасымен танысу болды.
1 шілдеде Қапшағай су қоймасының оңтүстік жағалауына саяхат өтті, оған Батуми бағының қызметкерлері Д.Харазишвили, Ботаника және фитоинтродукция институтынан И.Отрадных, И.Съедина, Е.Сатеков қатысты.
Батуми ботаникалық бағы әріптестерінің сапарының соңғы күні бірлескен зерттеулер, ақпарат алмасу, тағылымдамадан өту және тәжірибе алмасу саласындағы ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бас директор, биология ғылымдарының докторы Гүлнар Тоқбергенқызы Ситпаева қонақтарға жаңа молекулярлық биология және биотехнология зертханасын көрсетті, сонымен қатар қонақтарға естелік сыйлықтар мен Ботаника және фитоинтродукция институты шығарған кітаптарды сыйға тартты.