Сіздерді 4 шілде күні өтетін музыкалық кешке шақырамыз

02 июля 2024,

Бас Ботаникалық бақ ашық аспан астында музыкалық кештердің келесі, төртінші маусымын ашады. Бұл жоба-қаламыздың барлық тұрғындарына сыйлық ботаникалық бақтың визит карточкасына айналды. Өйткені, ботаникалық бақ – ғылым, мәдениет және табиғаттың тоғысқан жері. Толығырақ…

Сахна өнерінің барлық жанкүйерлерін ботаникалық бақтың әсем табиғаты аясында жоғары сапалы жанды музыканы тыңдауға шақырамыз. Алғашқы музыкалық кештер 4 және 5 шілде күндері сағат 18:00-де өтеді. Концерттер «Тикетон» компаниясының қолдауымен өтеді.

Маусымды барлығына ұнайтын Mezzo тобы бастайды. Олардың әрбір қойылымы қуаныш пен шынайы толқуды тудырады. 4 шілде күні сағат 18:00-де Mezzo тобы ботаникалық бақ сахнасында төртінші рет өнер көрсетеді. Сізді ботаникалық бақта өнер көрсету үшін арнайы таңдалған, классикаға айналған хиттерден тұратын музыкалық бағдарлама күтеді. Топтың вокалистері: Садықов Жасұлан, Нұрбергенов Асан, Сейдахметов Жәнібек, Жантұрғанов Мейірхан.

5 шілдеге арналған бағдарламаны келесі басылымнан іздеңіз.

Өтетін орны: үйеңкі аллеясының сахнасы. Концертке ботаникалық бақтың кіру билеттерімен бара аласыз.

Достарыңызбен және отбасыңызбен біздің сүйікті бақшамызда ұмытылмас кеш өткізуге келіңіз.

Жіберілімге жазылыңыз