Ашық аспан астындағы музыкалық кештердің алдында Ботаника және фитоинтродукция институты қызметкерлерінің оқыған ғылыми-көпшілік дәрістері көпшілігіңізге ұнағанын білеміз. Толығырақ…
Сондықтан мүмкіндікті пайдаланып, ғалымдарымыздың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студент-практиканттарына оқыған дәрістері кезінде тікелей эфир жүргізуді жөн көрдік. Барлық тікелей эфирлер біздің парақшамызда сақталған.
7 ақпан күні сағат 14:00-де Тұқым банкі зертханасының кіші ғылыми қызметкері Дүкенбаева Бағдат Саматқызымен тікелей эфирге шақырамыз. Дәріс тақырыбы: Тұқым банкімен таныстыру. Дәріс барысында сіз ботаникалық биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы тұқым қорларының рөлі, тұқым коллекцияларын жинау және сақтау жұмыстары қалай жүргізілетіні және елдің азық-түлік қауіпсіздігі неге Тұқым банкіне байланысты екендігі туралы білетін боласыз.
Бізге қосылыңыз, қызықты болады!