Сиренгарийге шақырамыз

25 апреля 2022,

Келушілердің көптеген сұраныстары бойынша біз  Ботаникалық бақтағы "Сирингарий" коллекциялық учаскесі бойынша эксклюзивті серуендерді бастаймыз. Толығырақ… 

Бас Ботаникалық бақта Қазақстандағы сиреньдердің ең ірі топтамаларының бірі және Орта Азиядағы жалғыз коллекциясы орналасқан. Учаскесі 1,8 га аумақты алып жатыр. Бас Ботаникалық бақтың Сиренгарийдың қалыптасуында 1957 жылдан 1961 жылға дейін бақтың директоры болған б.ғ.д. Валентина Григорьевна Рубаник үлкен рөл атқарды. Учаскесінің алғашқы кураторы және селекционер Антонина Федоровна Мельник болды, ол учаскесін таңдау бойынша жұмыс жүргізді, жоспарлау және коллекция жасалды.
Мельник А.Ф. және к.ғ.қ. Дягилев Б.К. бірігіп Syringa vulgaris L. 8 қазақстандық сорттарын шығарылды: ‘Памяти Академика Сатпаева’, ’Казахстанский сувенир’, ‘Майское Утро’, ’Сабит Муканов’, ‘Байконур’, ‘Снежный Ком’, ‘Лиловая Пирамида’, ‘Самал’.
Қазіргі уақытта коллекцияда әлемдік және қазақстандық селекцияның 23 түрі мен 107 сорттары бар. Олардың ішінде 20-дан астам будандар мен көшеттерді біздің бақшаның ғылыми қызметкерлері өсірді. Барлығы 2000-нан астам сирень бұталары бар. Учаскесінің кураторы - дендрология зертханасының ғылыми қызметкері Дегтев Виктор Андреевич.

Біз сіздерді Ботаникалық бақтағы сиреньдің барлық түрлерін көруге шақырамыз. Сіз сиреньдің сұлулығы мен хош иісінен ләззат ала аласыз, суретке түсіп, әдемі сирень букетін сыйлық ретінде ала аласыз. Серуен коллекция кураторының сүйемелдеуімен өтеді, барлық қатысушылар біздің ғылыми қызметкерімізге сұрақтар қоюға мүмкіндік алады.
Сиренгарий бойынша серуендеу күн сайын телефон және алдын ала жазылу арқылы ғана жүргізіледі +7 708 973 2757. Серуендеу топ жиналған сайын жүргізіледі. Топтағы адамдар саны 10-12 адам.
Серуендеу құны бір адамға 3000 тг + тиісті санаттағы кіру билетінің құны.
Жиналу орны: Оңтүстік кіреберіс павильоны, Әл-Фараби даңғылы, 71а.

 

Жіберілімге жазылыңыз