Маусым айындағы «Жасыл Рейнджер клубының» бағдарламасы

12 июня 2024,

Алматыдағы Бас Ботаникалық бақ – қаланың көрікті жерлерінің бірі ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы ботаника ғылымының орталығы және биоалуантүрлілікті және экологияны сақтау мәселелеріне қызығушылық танытатын адамдар үшін тартымды орталық. Толығырақ…

Осындай пікірлестер мен эковолонтерлерді біріктіру үшін Ботаника және фитоинтродукция институты «Шеврон» компаниясының қолдауымен Бас Ботаникалық бақта «Жасыл рейнджер клубы» жобасын іске қосуда. Клубтық іс-шаралар аясында ғылыми қоғамдастық өкілдерімен және биология және экология саласындағы сарапшылармен бейресми кездесулер өткізіліп, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланады.

14 маусымда сағат 11:00-де «Жасыл Рейнджер клубының» алғашқы отырысы өтеді. Қалалық көгалдандыру, табиғатты қорғау, экологиялық таза өмір салты, қала экологиясы және азаматтық ғылым тақырыптарына қызығушылық танытатындардың барлығын шақырамыз.

Алдағы уақытта клубтық кездесулер жыл бойы әр сенбі сайын сағат 11:00-де өтеді.

Мекен-жайы: Атакент жағынан батыс кіреберіс павильоны (Тимирязев к-сі, 36д, 3 к.).

«Жасыл Рейнджер Клубы» «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылып жатқан Tabigat Labs жобасының бөлігі болып табылады. Жобаға қатысушылар: Бас Ботаникалық бақ, Urban Forum Kazakhstan, Fading TSE, Impact Hub Almaty.

 

 

14 маусымға арналған бағдарлама:

Тақырып: «Біздің жасыл үйіміз».

Кездесу Алматының айналасының табиғатын және табиғи экожүйелерді қорғау мен қалпына келтіруді бақылау мен ұйымдастыруға экологиялық еріктілер қоғамдастығының қатысуын талқылауға арналған. Жиналыс модераторлары: Елена Дубынина мен Гүлнұр Смағұлова.

Күні: 14 маусым, 11:00

Мекен-жайы: Атакент жағынан батыс кіреберіс павильоны (Тимирязев к-сі, 36д, 3 к).

 

22 маусымға арналған бағдарлама:

Тақырып: «Қаланы жасылдандыру және заманауи жаһандық үрдістер, жергілікті жағдайларға бейімделу және мәселелерді шешу жолдары».

Біз Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Абаттандыру мәселелеріне ғылыми көзқарастар, қазіргі заманғы проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында өткен сарапшылар мен ғылыми қауымдастықтың пікірталастары мен қорытындыларымен бөлісетін боламыз. Ландшафт дизайнері Бибігүл Датхабаевамен бірге қаламызды көгалдандыру мәселелерін талқылаймыз.

Күні: 22 маусым, 11:00

Мекен-жайы: Атакент жағынан батыс кіреберіс павильоны (Тимирязев к-сі, 36д, 3 к.).

 

29 маусымға арналған бағдарлама:

Тақырып: «Қаладағы жасыл желектерді түгендеу не үшін қажет? Ағаштардың денсаулығын тексерудің негізгі критерийлері».

Қатысушылар ботаникалық бақтағы ағаштарға сараптама жүргізе алады және емдеуді қажет ететін ағаштардың денсаулығының белгілерін тануды үйренеді. Практикалық жұмысты фитопатолог, микология және алгология зертханасының ғылыми қызметкері Мадина Измайлова және көрме аймағының кураторы, дендрология зертханасының қызметкері Гүлнұр Смағұлова жүргізеді.

Күні: 29 маусым, 11:00

Мекен-жайы: Атакент жағынан батыс кіреберіс павильоны (Тимирязев к-сі, 36д, 3 к.).

 

Жіберілімге жазылыңыз