Қыркүйек айына арналған Жасыл Рейнджер Клубының бағдарламасы

05 сентября 2025,

Достар, қуана хабарлаймыз — «Жасыл Рейнджер Клубының» жаңа маусымы басталды! Толығырақ...

Биылғы маусымда жобаға серіктес болып Шымбұлақ тау курорты қосылды. Табиғатты сақтау мен экологиялық ағарту бағытындағы бастамаларды қолдайтын жаңа серіктесіміздің болғанына қуаныштымыз. Шымбұлақтың қолдауымен 6 қыркүйектен 8 қарашаға дейін Клубтың 10 кездесуі өтеді.

«Жасыл Рейнджер Клубы» – Ботаника және фитоинтродукция институтының басқаруындағы Бас Ботаникалық бақта үшінші жыл жүзеге асырылып жатқан экоеріктілер үшін бірегей білім беру жобасы. Бұл — жай ғана экология туралы айтқысы келетін емес, нақты әрекет еткісі келетін белсенді әрі бейжай емес адамдардың қауымдастығы.

Әр сенбі 10:00-де кездесулерде сіздерді күтеді:

- практика: жасыл желектерге күтім жасау;

- білім: ғалымдар мен экологтардың дәрістері;

- әрекет: ерікті акцияларға қатысу;

- комьюнити: бейжай қарамайтын адамдар ортасы.

Клубтың қыркүйекке арналған бағдарламасы карусельде.

Қатысу — барлық ниет білдірушілер үшін тегін, тек ботаникалық баққа кіру билетін сатып алу қажет.

Телеграм тобына қосылып, Клубқа мүше болу үшін профильдағы сілтемені пайдаланыңыз.

      

Жіберілімге жазылыңыз