Елорда күніне арналған іс-шаралар бағдарламасы

27 июня 2023,

6 шілдеде елордамыз туған күнін атап өтеді. Алматылықтар мен қала қонақтарын осы мерекені Бас ботаникалық баққа қарсы алуға шақырамыз. Арнайы 6 шілде Елорда күніне орай біз сіздерге мерекелік бағдарлама дайындадық. Толығырақ…

 

15:00 - Ботаникалық бақ сахнасында дендрология зертханасының ғылыми қызметкері Абдухадыр Айнагүл «Қара кітап. Инвазивті өсімдіктер” туралы дәріс оқиды. Қара кітап пен Қызыл кітаптың айырмашылығын, оған қандай өсімдіктер кіретінін және оларды агрессорлық өсімдіктер деп неліктен атайтынын, сондай-ақ осы салада Ботаника және фитоинтродукция институтының ғалымдары қандай жұмыстар атқарып жатқанын біле аласыз. Дәріс қалалық көгалдандыру саласындағы “Жасыл Рейнджер” волонтерлерін оқыту бағдарламасының бөлігі болып табылады. Бұл бағдарлама «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылып жатқан «Tabiğat Labs» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаға қатысушылар - Urban Forum Kazakhstan, Fading TSE, YEMAA artist residence, Бас Ботаникалық бақ, Impact Hub Almaty. Жоба серіктесі: Makerspace Almaty. Дәріс біздің «жасыл рейнджердерге» де, қала тұрғындарына да пайдалы әрі қызықты болатынына сенімдіміз.

16:00 – Нью-Йорктегі Карнеги Холл, Канндағы Фестивальдер мен Конгресстер сарайы, Мәскеудегі Crocus City Hall, Лондондағы Albert Hall сияқты әйгілі әлемдік алаңдарда өнер көрсеткен Almaty Symphony камералық оркестрінің виртуоздық музыканттарының концерті өтеді. Бағдарламада Штраустың, Моцарттың, Вивальдидің және тағы басқалардың танымал классикалық шығармалары көрсетіледі. Толық бағдарламаны карусельден табуға болады.

18:00 - ARTиШОК театрының қойылымы және актерлік және режиссерлік курсты бітіру кеші өтеді. Сіз келесі театр маусымының жарқын, жас, талантты - жаңа тұлғаларын кездестіресіз. ARTиШОК театрының жетекші әртістерімен бірге әртістердің жаңа буыны осы кешке арнайы атмосфералық жазғы театр бағдарламасын дайындады.

Ботаникалық бақта мерекелік күн өткізіңіз және сіз үшін арнайы дайындалған бағдарламаны тамашалаңыз.

Өтетін орны: Үйеңкі аллеясы сахнасы.

Ботаникалық бақтың кіру билеттерімен мерекелік шараларға бара аласыз.

  

Жіберілімге жазылыңыз