Жаз аяқталуға жақын. Бас Ботаникалық бақ жазғы маусымды ерекше аяқтауды ұсынып, өтіп жатқан жаздың соңғы күндері – 28 және 29 тамызда бақтың жазғы сахнасында бірден үш өнер түрін біріктіретін арнайы бағдарлама дайындады: кино, музыка және театр. Толығырақ…
28 тамызда сағат 15:00-де отандық «Қыз бен теңіз» көркем фильмінің көрсетілімі өтеді, ол бірнеше беделді марапаттарға, соның ішінде Cannes Silk Road Film Awards кинофестивалінің қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды. Фильмнің қоюшы режиссерлері: Азиз Заиров пен Мұхаммед Мамырбеков. Бұл ДЦП диагнозы қойылған Әсел қыздың қиын тағдыры, оның армандары, махаббаты, отбасы туралы әңгіме. Фильмнен кейін Азиз Заировпен және басты рөлдерді сомдаған Тахир Умаров, Динара Шәріпова және Қанағат Тасқараевпен кездесу мүмкіндігіне ие боласыз. Фильм көрсетілімі 19 шілдеде ботаникалық бақта ұйымдастырылған InEco Fest фестивалінің жалғасы ретінде инклюзивті қоғамды дамытуды қолдау мақсатында өткізілуде.
28 тамыз күні сағат 18:00-де сіздер үшін сахнада классикалық музыка орындаушылары өнер көрсетеді: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аида Аюпова (скрипка), Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты Ермек Құрманаев (виолончель) және республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Александра Наумова (фортепиано).
Толық концерттік бағдарламаны карусельден көруге болады. 29 тамызға арналған бағдарламаны келесі басылымнан іздеңіз.
Өтетін орны: Үйеңкі аллеясындағы сахна. Ботаникалық баққа кіру билеттерін пайдаланып іс-шараларға қатыса аласыз.
Тамаша жазғы атмосфераны, композиторлардың жанды әуендерін және ботаникалық бақтың табиғатымен қоршалған фильмді тамашалауға келіңіз.