Достар, 3 және 4 тамызда Бас ботаникалық бақта ұмытылмас жазғы кештер өткізуге шақырамыз. Бұл жолы біз сіздерге классикалық музыка концерттерін, ғылыми-көпшілік дәрістер мен суреттер көрмесін дайындадық. Толығырақ…
Сіздерді 3 тамызға арналған бағдарламамен танысуға шақырамыз:
Сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін Солтүстік Партерде перголалар астында «Рафаэль» арт-студиясының «Гүлдер уақыты» суреттердің көрмесі өтеді. Ботаникалық бақтың гүлденген өсімдіктері жас суретшілерді «тұзды батик» әдісімен картиналар жасауға шабыттандырды. Картиналарды тамашалап, олардың авторларымен танысуға болады.
17:00-де ботаникалық бақ сахнасында биология ғылымдарының кандидаты, ғылыми кеңесші Ғалия Әукенқызы Жармұхамедова «Қала ландшафтарындағы жасыл алқаптарды зиянкестерден қорғаудың негізгі қағидалары» тақырыбында дәріс береді. Жармұхамедова Ғ.Ә., Ж.Жыембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметпен айналысты, фитосанитарлық қауіп-қатерді, оның ішінде басқа елдерден әкелінетін көгалдандыру дақылдарын терең зерттеу және талдауға маманданған. Қазіргі уақытта М. Айтхожин атындағы өсімдіктердің микробиологиясы және биохимиясы институтының ғылыми қызметкері. Дәріс "Жасыл Рейнджер" қалалық көгалдандыру саласындағы еріктілерді оқыту бағдарламасына кіреді. Бағдарлама «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылып жатқан Tabigat Labs жобасының бір бөлігі болып табылады. Жобаға қатысушылар - Urban Forum Kazakhstan, Fading TSE, YEMAA artist residence, Бас Ботаникалық бақ, Impact Hub Almaty. Жоба серіктесі: Makerspace Almaty.
Сағат 18:00-де ішекті квартет, халықаралық байқаулардың лауреаттары: Еркебұлан Сапарбаев (1-скрипка), Қанат Сәкібаев (2-скрипка), Дархан Сәдуақасов (альт), Мұса Керімбаев (виолончель) орындауындағы өлмес классиканы тыңдауға шақырамыз.
Келіңіз, отбасыңыз бен достарыңызға қоңырау шалыңыз, ботаникалық бақтың әсем табиғаты аясында тамыз кештерін жанды классикалық музыка әуенінде өткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Өтетін орны: Үйеңкі аллеясы сахнасы. Ботаникалық бақтың кіру билеттерімен іс-шараларға бара аласыз.