7 шілдеге арналған іс-шаралар бағдарламасы

29 июня 2023,

Достар, біз сіздерді ботаникалық бақта ашық аспан астындағы қызықты шаралармен қуантуды жалғастырамыз. 7 шілдеде сағат 18:00-де тағы бір музыкалық кеш өтеді, концерт алдында баршаңызды ғылыми-көпшілік дәріс тыңдауға шақырамыз. Толығырақ…

 

17:00 – Ботаникалық бақ сахнасында тропикалық және субтропиктік өсімдіктер зертханасының меңгерушісі Масалимова Шолпан Қуанышбаевна «Басты ботаникалық баққа Citrus L. тұқымдас өсімдіктерді интродукциялау» тақырыбында дәріс оқиды. Дәріс барысында сіз ботаникалық бақта цитрус бағының қалай құрылғанын, топтамада қандай өсімдіктер ұсынылғанын және цитрус жемістерін өсіру және одан өнім алу үшін не қажет екенін білесіз.

18:00 - Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрының әртістері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, Алматы кларнет квартетінің орындауындағы классикалық музыка концерті. Кұрамында: Біржан Жакупов (1-кларнет), Дамир Бүркітбаев (2-кларнет), Бақтияр Мұздубаев (3-кларнет), Руслан Серіков (бас-кларнет). 

Өтетін орны: Үйеңкі аллеясы сахнасы

Ботаникалық бақтың кіру билеттерімен іс-шараларға бара аласыз.

Жіберілімге жазылыңыз