22 шілдеге арналған бағдарлама

20 июля 2022,

Достар, сіздерді "Ботаника және фитоинтродукция институты" РМК қызметкерлерінен Бас Ботаникалық бақ пен "Ботаника және фитоинтродукция институтының" 90 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өткізетін кезекті ғылыми-көпшілік дәріске шақырамыз. Толығырақ…
 

22 шілде күні сағат 12:00-де Ботаникалық бақ сахнасында "Қазақстанның Қызыл кітабы. Өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері" ғылыми-зерттеу жобасын жоғары өсімдіктер флорасы зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Веселова Полина Васильевна дайындады. Дәрісте Қазақстанның Қызыл кітабы, оның бірінші (1981) және екінші (2014) басылымы, облыстық Қызыл кітаптар туралы айтылады. Тыңдаушыларды республиканың Қызыл кітабына енгізілген флораның сирек кездесетін түрлерімен және олардың морфологиялық құрылымының ерекшеліктерімен, экологиялық орайластырылуымен, таралуымен, сондай-ақ осы өсімдіктердің адам үшін пайдалы кейбір қасиеттерімен таныстырады.

Біздің ғылыми қызметкерлеріміз бен олардың дәрістері жаңа қойылымдарды асыға күтетін өз жанкүйерлеріне ие болды. Тұрақты және жаңа тыңдаушыларды табиғатта қызықты және танымды уақыт өткізуге шақырамыз.

 

Жіберілімге жазылыңыз