4 тамызға арналған бағдарлама

28 июля 2023,

Достар, назарларыңызға 4 тамызда Бас ботаникалық бақта өтетін іс-шаралар бағдарламасын ұсынамыз. Сіздерді ашық аспан астындағы музыкалық кеш күтуде, оның алдында сіз Ботаника және фитоинтродукция институты қызметкерлерінің ғылыми-көпшілік дәрісін тыңдай аласыз. Толығырақ…

17:00-де Тропикалық және субтропикалық өсімдіктер зертханасының қызметкерлері Смагулова Гүлнұр мен Павлова Александра дәріс оқиды. Дәріс барысында сіз үйренесіз:

• Ананас жеміс, көкөніс немесе жидек пе?

• Ананас қай жерде өседі – ағашта ма, әлде жерде ме?

• Ананас қай бромелиеттер тұқымдасына жатады?

• Бромелиеттер тұқымдасы туралы көбірек

 

18:00 Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы солистерінің, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аида Аюпованың (скрипка), АҚШ, Италия, Францияда өткен халықаралық байқаулардың дипломанты және лауреаты, Венгрияның «Pro Cultura Hungarica» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жанар Сүлейманованың (фортепиано), ҚР өнер қайраткері Ержан Әлімбетовтың (домбыра), Леонид Смеховтың (гитара) концерті өтеді. Музыкалық кеште Шопен, Массне, Морриконе шығармалары, сондай-ақ кеңестік композиторлардың лирикалық әндері, қазақ күйлері және т.б. тыңдай аласыз. Толық бағдарламаны карусельден көруге болады.

Өтетін орны: Үйеңкі аллеясы сахнасы. Ботаникалық бақтың кіру билеттерімен іс-шараларға бара аласыз.

 

Жіберілімге жазылыңыз