Күзгі ботаникалық баққа саяхатқа шақырамыз. Толығырақ...
Қараша айындағы «Сүю үшін білу» атты білім беру бағдарламасы – бұл сырлы соқпақтармен өтетін экскурсиялар, ботаникалық ойындар мен табиғаттың көз алдымызда жанданатын шеберлік сабақтары. Бақылау, тәжірибе және шығармашылық тапсырмалар арқылы балалар табиғатты тек танып қана қоймай, оны түсініп, сүюге, өздерін оның бір бөлшегі ретінде сезінуге үйренеді.
Барлық ниет білдірушілерді 2, 9 және 16 қарашада сағат 11:00-де ботаникалық бақта күтеміз. Қараша айының бағдарламасы – карусельде.
Күні мен уақыты: 2, 9, 16 қараша, сағат 11:00
Ұзақтығы: 2 сағат
Жасы: 7+
Орындар саны шектеулі, алдын ала жазылу қажет: +7 708 970 58 66.
.
