Күз - бұл қыста жасыл алаңдарды дайындау, ағаштарды ерекше күту және өңдеу, санитарлық тазалау және т.б. қажет болатын уақыт. Толығырақ…
Сондықтан, «Жасыл Рейнджер Клубының»и қыркүйек айындағы кездесулер бағдарламасында біз ботаникалық баққа волонтерлік көмек көрсету іс-шарасы кезінде жасыл аумақтарды күту бойынша практикалық жаттығуларға назар аудардық. Егер сіз де ботаникалық баққа сөзбен емес, іспен көмектескіңіз келсе, сонымен қатар өсімдіктерді күту дағдыларын алғыңыз келсе, онда «Жасыл Рейнджер Клуб» жиналысына қосылыңыз. Кездесулер әр сенбі сайын сағат 11:00-де Атакент жағындағы батыс кіреберіс павильонында өтеді. Тәжірибелік сабақ алдында біз қатысушыларға профильдегі сілтеме арқылы «Қала ағаштарының аурулары қандай және оларға қалай көмектесуге болады» анықтамалығының материалдарын оқып шығуға кеңес береміз.
«Жасыл Рейнджер Клубының» қыркүйек айындағы кездесу бағдарламасын төменде табуға болады.
Күні мен уақыты: 7, 14, 21, 28 қыркүйек сағат 11:00
Мекен-жайы: Атакент жағынан батыс кіреберіс павильоны (Тимирязев к-сі, 36д, к.3).
«Жасыл Рейнджер Клубы» «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылып жатқан Tabigat Labs жобасының бөлігі болып табылады. Жобаға қатысушылар: Бас Ботаникалық бақ (Ботаника және фитоинтродукция институты), Urban Forum Kazakhstan, Fading TSE, Impact Hub Almaty.
7 қыркүйеке арналған бағдарлама
Тақырып: «Бақшаны қысқа дайындау».
Кездесуге қатысушылармен бірге біз «Сібір мен Қиыр Шығыстағы» коллекциялық алаңында ағаштарды зақымдалған бұтақтардан санитарлық тазарту, өсімдіктерді зиянкестер мен инфекциялардан емдеу, көктемгі отырғызу орындарын дайындау, ағаштардың зақымданған жерлерін емдеумен айналысамыз. Жиналыс модераторлары: Елена Дубынина мен Гүлнұр Смағұлова. Кездесу алдында біз қатысушыларға профильдегі сілтеме арқылы « Қала ағаштарының аурулары қандай және оларға қалай көмектесуге болады» анықтамалық нұсқаулықтың материалдарымен танысуға кеңес береміз.
Күні: 7 қыркүйек, 11:00
Мекен-жайы: Атакент жағынан батыс кіреберіс павильоны (Тимирязев к-сі, 36д, 3 к).
14 қыркүйеке арналған бағдарлама
Тақырып: «Бақшаны қысқа дайындау».
Кездесуге қатысушылармен бірге біз «Сібір мен Қиыр Шығыстағы» коллекциялық алаңында ағаштарды зақымдалған бұтақтардан санитарлық тазарту, өсімдіктерді зиянкестер мен инфекциялардан емдеу, көктемгі отырғызу орындарын дайындау, ағаштардың зақымданған жерлерін өңдеу жұмыстарын жалғастырамыз. Жиналыс модераторлары: Елена Дубынина мен Гүлнұр Смағұлова. Кездесу алдында біз қатысушыларға профильдегі сілтеме арқылы « Қала ағаштарының аурулары қандай және оларға қалай көмектесуге болады» анықтамалық нұсқаулықтың материалдарымен танысуға кеңес береміз.
Күні: 14 қыркүйек, 11:00
Мекен-жайы: Атакент жағынан батыс кіреберіс павильоны (Тимирязев к-сі, 36д, 3 к).
21 қыркүйеке арналған бағдарлама
Тақырып: «Зақымдалған және ауру ағаштарға күтім жасау».
Қатысушылар діңдерді өңдеумен, кептірілген бұтақтарды кесумен, зақымдалған және ауру ағаштардағы қуыстар мен жарықтарды жабумен айналысады. Практикалық жұмысты фитопатолог, микология және алгология зертханасының ғылыми қызметкері Мадина Измайлова және көрме аймағының кураторы, дендрология зертханасының қызметкері Гүлнұр Смағұлова жүргізеді. Тәжірибелік сабақ алдында біз қатысушыларға профильдегі сілтеме арқылы «Қала ағаштарының аурулары қандай және оларға қалай көмектесуге болады» анықтамалығының материалдарын оқып шығуға кеңес береміз.
Күні: 21 қыркүйек, 11:00
Мекен-жайы: Атакент жағынан батыс кіреберіс павильоны (Тимирязев к-сі, 36д, 3 к).
28 қыркүйеке арналған бағдарлама
Тақырып: «Тұқым банкі».
Тұқым шаруашылығы және өсімдіктерді қорғау зертханасының меңгерушісі Мурзатаева Таңсара тұқымның түрлері, оларды таратуға арналған құрылғылар, тұқымдарды жинау және сақтау, делектус алмасу және т.б. туралы әңгімелейді. Кездесуге қатысушыларға Ботаника және фитоинтродукция институтының «Тұқым банкіне» баруға және сақтауға арналған тұқым салудың барлық циклдерімен танысуға бірегей мүмкіндік беріледі. Жиналыс модераторлары: Елена Дубынина мен Гүлнұр Смағұлова.
Күні: 28 қыркүйек, 11:00
Мекен-жайы: Атакент жағынан батыс кіреберіс павильоны (Тимирязев к-сі, 36д, 3 к).