Аркалан петроглиф саябағында дала флорасының коллекциясын жасау жұмыстары

19 мая 2026,

Алматы қаласындағы Ботаникалық Бақта «Арқалан» петроглифтер табиғи паркінің аумағында дала флорасының коллекциясын қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Петроглифтер паркі жобасы 2024 жылы ботаникалық бақта «Петроглифтерді іздеушілер» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Еуразиялық банк» АҚ-ның қолдауымен іске қосылған. Толығырақ...

«Арқалан» петроглифтер табиғи паркі — 14 тасқа түсірілген түркі петроглифтерінің авторлық интерпретациясын, 4 тас стеланы, стильдендірілген бұлақты және тұрғын үйдің іргетасы бейнесін біріктіретін ерекше арт-нысандар галереясы. Жалпы аумағы шамамен 2,5 мың шаршы метрді құрайды.

Табиғи паркінің негізгі міндеттерінің бірі — келушілерді Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасымен тығыз байланыстағы өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігімен таныстыру. Осы тұжырым аясында Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлері бұл аумақта көбіне ежелгі киелі орындар мен түркі көшпелілерінің қоныстары табылған жерлерге тән дала флорасын отырғызу жұмыстарын жүргізіп келеді.

2026 жылғы 15 мамырда «Еуразиялық банк» АҚ қызметкерлері сенбілік өткізіп, 30 түп бұталы лапчатка мен сұр спирея көшеттерін отырғызды. Бұған дейін парк аумағында тамарикс, арша, сондай-ақ Алматы қаласы мен әлемдік ағаштың символы ретінде Сиверс алмасы отырғызылған болатын. Алдағы күндері отырғызу жұмыстары жалғасын табады.

Іс-шара «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау аясындағы «Еуразиялық банк» АҚ-ның экологиялық корпоративтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі болып табылады.

             

Жіберілімге жазылыңыз