Бөлме өсімдіктері жәрмеңкесінің жұмысы аяқталуына байланысты соңғы жаппай сатылымды жариялаймыз. Толығырақ...
Қазір өсімдіктерді арнайы бағамен — 500-ден 2 000 теңгеге дейін сатып алуға болады.Мұнда біз өсірген және Қазақстанның климатына бейімделген танымал түрлерден бастап сирек кездесетін және экзотикалық түрлерге дейінгі бөлме өсімдіктерінің кең таңдауын таба аласыз. Қызметкерлеріміз сізге өсімдік таңдауға көмектесіп, оның ұзақ жылдар бойы қуанта беруі үшін қалай күтім жасау керектігін айтып береді.
Жаппай сатылым 27 қыркүйекті қоса алғанда жалғасады. Өсімдіктерді тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз — жәрмеңке өз жұмысын жақын арада аяқтайды.
Жұмыс кестесі: сәрсенбі-жексенбі күндері сағат 12:00-ден 19:00-ге дейін. Дүйсенбі және сейсенбі — демалыс күндері.
Жәрмеңкенің орналасқан жері: жылыжай жанындағы цитрусарий ғимараты.