13 желтоқсанда ҚР ЭТРМ ОШЖДК «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК-да 2024 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындыларына арналған Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Толығырақ...
Отырысқа ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Құтпанбаев Ерлан Нұрғанатұлы; ҚР ҒЖБМ «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ бас директоры ҚР ҰҒА академигі – Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы; ҚР ҒЖБМ «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ геотуризм және геоморфология зертханасының меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты Егембердиева Камшат Баратқызы; ҚР ЭТРМ «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» РМУ директорының ғылым жөніндегі орынбасары – Нұрахметов Ерболат Серікұлы; ҚР ЭТРМ «Іле-Алатау мемлекеттік ғылыми-өндірістік кәсіпорны» РМУ ғылым бөлімінің ғылыми қызметкері – Тұрсынбай Қалима шақырылды. Zoom форматына көптеген әріптестер мен серіктестер қатысты.
2024 жылға арналған іс-шаралар туралы филиал басшылары баяндама жасады: Жезқазған ботаникалық бағының директоры, б.ғ.к. Нашенов Жанғозы Болатұлы; Іле ботаникалық бағының директоры, б.ғ.к. Исабаев Серік Өксікбайұлы; Астана ботаникалық бағының директоры, а.ш.-.ғ.к. Ражанов Медеу Ражанұлы.
Атқарылған жұмыстар туралы ғылыми-техникалық бағдарламалар мен гранттық жобалардың басшылары мен жауапты орындаушылары есеп берді: Жоғары өсімдіктер флорасы зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к. Веселова Полина Васильевна BR23591088 «Өңірдің ботаникалық ресурстарын тұрақты пайдалану үшін «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының міндеттерін іске асыру ретінде Ұлытау облысының өсімдіктер кадастрын құру» (2024-2026 ж.) және AP19679078 гранттық жобасы «Қазақстанның құрғақ флорасының реликті генофондын сақтау үшін солтүстік-шығыс Бетпақдаланың экотонды территориясының түрлік әртүрлілігін зерттеу» (2023-2025).
Генетика және адам физиологиясы институтымен №417-ПЦФ-23-25/1 келісім бойынша баяндамамен: BR21882180 «Климаттың құбылмалы жағдайында медицина және ветеринария үшін перспективалы Қазақстан өсімдіктерінің ресурстық базасын сақтау және дамыту бағдарламасын дайындау» (2023-2025 ж.) гранттық жоба тақырыбы бойынша: AР23484591 «Қырғыз Алатауы трансшекаралық жотасының Allium L. тұқымдасын кешенді зерттеу (флористикалық, молекулалық-генетикалық, ресурстық) – аймақтың табиғатты пайдаланудың ғылыми негізі» (2024-2026 ж.) Өсімдік ресурстары зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Надежда Геннадьевна Гемеджиева сөз сөйледі.
Зоология институтымен және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру туралы баяндамамен: BR21882122 «Жасыл өсу жағдайында Батыс Қазақстан облысының табиғи-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамды бағалау және сценарийлер» (2023-2025 жж.) Геоботаника зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы Лилия Аминовна Димеева сөз сөйледі.
BR21882166 «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Батыс, Шығыс, Орталық және Солтүстік Қазақстанның табиғи флорасының жеміс-жидек өсімдіктерін көбейту, сақтау, пайдаланудың ғылыми-практикалық принциптері» тақырыбында Жанғалиев атындағы генофондты қорғау және жеміс өсімдіктерін интродукциялау, б.ғ.к. Мұқан Гауһар Сейсенбекқызы баяндама жасады.
Сондай-ақ Маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Баян Қадыржанқызы Қоспенбетова Ботаника және фитоинтродукция институтының 2024 жылға арналған білім беру және мәдени қызметі туралы баяндама жасады.
Жиын соңында «Ботаника және өсімдіктер таксономиясындағы молекулалық әдістер» жастар мектебінің қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.