Ботаника және фитоинтродукция институтының тарихы 1932 жылдан басталады. Қазіргі уақытта институт құрылымына Алматы қаласындағы Бас Ботаникалық бақ кіреді. Ботаника және фитоинтродукция институты ұжымының ғылыми қызығушылықтары Қазақстанның флорасын зерттеуге, еліміздің аумағындағы өсімдіктер әлемін қорғауға, мұқият сақтауға және көбейтуге бағытталған. Толығырақ…
Жуырда Ботаника және фитоинтродукция институтының Бас ботаникалық бағының кешенді отряды «Алматы облысының өсімдіктер және өсімдік ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайын кадастрлық бағалау» ғылыми-техникалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы қорығында болды. Биология ғылымдарының докторы, ҚазҰАЕН академигі, Бас ботаникалық бақтың бас директоры Ситпаева Гүлнар Тоқбергенқызының айтуынша, аталған бағдарламаны жүзеге асыру аясында Алматы облысының флорасының түрлік құрамын толық түгендеу жоспарланған, зерттеулер негізінде флора кадастрын құру, Алматы облысына тән сирек кездесетін өсімдіктер қауымдастығын көрсететін Жасыл кітапты құру.
«Бізде әртүрлі өңірлік кадастрларды құруда үлкен тәжірибеміз бар, бірақ Алматы облысының кадастры кеңірек міндеттерді қамтиды. Қара кітапты жасау жоспарлануда. Бұл кітап біздің табиғи экожүйелерімізге нақты қауіп төндіретін біздің аймаққа инвазивті бөтен түрлерді ұсынады. Сирек, жойылып бара жатқан түрлердің мониторингі, облыстың Қызыл кітабын жасау міндетті болады. Яғни, бұл үш жыл ішінде атқарылатын ауқымды жұмыс. Биылғы жылы Алматы облысы флорасының қызықты түрлерін көрсететін «Жетісудың түстері» жұмыс атауымен түрлі-түсті фотоальбом шығаруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ алдымызда Алматы облысының перспективалық, сирек, жойылып бара жатқан өсімдік түрлерінің тұқымдарының Атласын жасау міндеті тұр. Біз Бас Ботаникалық бақтың коллекцияларын толықтыру үшін табиғи популяцияның кейбір түрлерін тартамыз», - дейді Г.Т. Ситпаева.
Сапар туралы толығырақ бейнені қараңыз.
Бейнероликті Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы (ҰТҒТБО) жасаған.