«Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК ұжымы көңіл айтады

11 июня 2023,

«Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК ұжымы қызметтік міндеттерін атқару кезінде орман өртімен ерлікпен күресуде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасылары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Толығырақ...

Қайғылы оқиға «Семей орманы» қорығында өртті сөндіру кезінде болды. Қатты желдің әсерінен өрт тез арада үлкен аумақты қамтыды. Өрттің жалпы аумағы шамамен 60 мың гектарды құрайды. Өрттің алдын ала себебі - найзағай разряды.
Сіздерді табиғатты аялауға, қорықтардың аумақтарында өрт шығармауға шақырамыз. Сондай-ақ, ботаникалық бақта темекі шегуге дәл осы себепті тыйым салынғанын еске саламыз, өйткені, Ботаникалық бақ – ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Жіберілімге жазылыңыз