Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

08 мая 2022,

Құрметті Қазақстандықтар!

"Ботаника және фитоинтродукция институты" РМК сіздерді Жеңіс күнімен құттықтайды! Сіздерге бейбітшілік, амандық, қуаныш, жылулық пен өркендеу тілейміз. Тыныштық пен үйлесімділік әрқашан сіздің ішіңізде және айналаңызда болсын, армандар орындалсын! Сау және бақытты болыңыз! Толығырақ…

Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне және 70 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сыйлық ретінде, АҚҰ "Ардагерлер ұйымы" Бостандық ауданының филиалы ұсынған алдын-ала жасалған тізімдер бойынша, біз электр көлігімен Бас Ботаникалық бақта  экскурсияларды ұйымдастырдық.

Қонақтар Ботаникалық бақты аралап, жағымды әсер алғанына өте қуаныштымыз. Олар бақтың бүкіл аумағындағы табиғаттың сұлулығынан ләззат алды, таза ауамен дем алды, біздің гидтің арқасында өсімдіктер туралы қызықты фактілерді білді. Сонымен қатар, біздің серіктестер – Coffee & Parfait Bar кофеханасы біздің ерекше қонақтарымыз үшін шай кешін ұйымдастырды. Серуендеу сыйлықтар мен бір кесе шай сөйлесумен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, бізде тек екі электромобиль бар (сыйымдылығы 4 адамнан аспайды), олар тек физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың серуендеуі үшін қолданылады. Электромобильдерді алдын ала, ботаникалық баққа жоспарланған сапарға дейін 2 жұмыс күнінен кешіктірмей +7708 973 27 57 телефоны арқылы брондау керек.

      

Жіберілімге жазылыңыз