Орман шаруашылығы қызметкерлері күні құтты болсын!

20 октября 2024,

Бүгін орман шаруашылығы қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде. Біз Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегі әріптестерімізді, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларының, аудандық орман шаруашылықтарының, қорықтар мен ұлттық саябақтардың қызметкерлерін және өз ісіне берілген, еліміздің орман байлығын сақтауға, көбейтуге баға жетпес үлес қосатындардың барлығын құттықтағымыз келеді. Толығырақ…

Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми ұжымы өсімдіктер әлемін, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін қорғауға, сақтауға және молықтыруға өз үлесін қосуда. Институт қызметкерлері Қазақстан бойынша экспедицияларға шыға отырып, еліміздің флорасы мен өсімдік ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайын бағалау, антропогендік әсерге байланысты өзгерістерді бақылау және өсімдіктер әлемін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы «Өсiмдiктер әлемі туралы» ҚР Заңы шеңберінде нормативтік-құқықтық актілерді дайындауға қатысады, ғылыми-негізделген ұсынымдар әзірлейді, оның ішінде Қазақстан өңірлерін көгалдандыру үшін ассортиментті таңдау бойынша.

Институт ұзақ жылдар бойы облыстық және аудандық орман шаруашылықтарымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Ғалымдар мен орман шаруашылығы қызметкерлерінің бірлескен жұмысы ғылым мен орманды қорғауда білім, тәжірибе алмасуға және жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік береді.

Аумақтарды зерттеу кезінде ғалымдарымызға көмек көрсетіп жатқан барлық орман шаруашылығы қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз. Олардың ішінде: «Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалы, «Ертіс Орманы» МОТР, Баянауыл МҰТП, Жоңғар-Алатау МҰТП, «Көлсай-Көлдері» МҰТП, «Алакөл орман шаруашылығы» КММ, «Бақанас орман шаруашылығы» КММ, «Үштөбі орман шаруашылығы» КММ,  «Бөрлітөбе орман шаруашылығы» КММ, «Талдықорған орман шаруашылығы» КММ, «Кеген орман шаруашылығы» КММ, «Нарынкөл орман шаруашылығы» КММ, «Ұйғыр орман шаруашылығы» КММ, «Шелек орман шаруашылығы» КММ, «Жаркент орман шаруашылығы» КММ», «Мойынқұм орман шаруашылығы» КММ Орман және жануарлар дүниесін қорғау», «Көкшетау» МҰТП, «Көкшетау» МҰТП РММ Айыртау филиалы, «Көкшетау» МҰТП РММ Шалқар филиалы, «Бурабай» МҰТП, «Аққайың орман шаруашылығы» КММ, Науырзым мемлекеттік табиғи резерваты, «Медеу» МҰТП, «Іле-Алатау» МҰТП, «Алтын Емел» МҰТП, «Үштөбе орман шаруашылығы» КММ, «Жаңаарқа орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» КММ және т.б.

Барлық орман шаруашылығы қызметкерлерін мерекемен құттықтаймын! Сендер орманның нағыз сақшыларысыңдар. Сізге денсаулық, күш-қуат және игі ісіңізде шабыт тілейміз. Әрбір күн қуаныш пен қанағат әкелсін, ал күш-жігеріңіз нақты нәтижелерге әкелсін. Таңдаған жолыңызға адалдығыңызға және табиғатқа деген сүйіспеншілігіңізге рахмет!

                                                      

Жіберілімге жазылыңыз