12 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығына сәйкес Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні атап өтіледі. Толығырақ…
Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл күні Қаныш Имантайұлы Сәтпаев - көрнекті қазақстандық ғалым-геолог дүниеге келді. Сәтпаев Қазақстандағы ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрды және бүкіл өмірін ғылым мен оның дамуына арнады. Ол 1932 жылы құрылған,қызметін ботаникалық және зоологиялық бағыттардан бастаған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті болды. Дәл осы жылы "Ботаника және фитоинтродукция институты" РМК Бас Ботаникалық бақ салынды, ол биыл 90 жылдығын атап өтуде!
Біздің институтта 9 зертхана жұмыс істейді.Онда ботаниктер, ресурстанушылар, дендрологтар, геоботаниктер, микологтар, тұқым өсірушілер және басқалар жұмыс атқаруда. Біз өзіміздің ғалымдарымыздың еңбегің, олардың Қазақстанның ботаникалық тұрғыдан дамуына үлес қосуын мақтан тұтамыз. Ғалымның еңбегі-бұл әрқашан қызықты, қиын жұмыс, ол барлық уақытта құрметке бөленеді.
Қазақстан Ғылым қызметкерлері күніне орай 13 сәуірде Ботаника және фитоинтродукция институтында семинар өтеді. Семинарда келесі тақырыптар қамтылады:
- "Ботаникалық бақтың коллекциялық қорлары-Қазақстан қалаларын көгалдандыру ассортиментін әзірлеудің ғылыми негізі ретінде";
- "Ағаш-бұта өсімдіктерін интродукциялаудың перспективалық бағыты";
- "Алматы қаласындағы жасыл желектердің фитосанитарлық жағдайы";
- "Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің елді мекендерін көгалдандыруда ботаника және фитоинтродукция институтының әлемдік және мәдени флорасының гүлді-сәндік өсімдіктерінің коллекциялық қорын пайдалану перспективалары".
Бас Ботаникалық бақ пен "Ботаника және фитоинтродукция институты" РМК барлық әріптестерін кәсіби мерекелерімен шың жүректен құттықтайды! Ғылыми-зерттеу жұмыстарына табыс, жаңалықтардың ашылуын, жемісті еңбек, сарқылмас қуат пен шабыт тілейміз!