Астана күнімен!

04 июля 2022,

Құрметті қазақстандықтар! Толығырақ…

Сіздерді Астана күнімен құттықтаймыз! Әр отбасына қуаныш, амандық, бейбітшілік және жақсылық тілейміз! Елордамыз жыл сайын өсіп, гүлденіп, көркейе берсін!

Сондай-ақ осы күндері Нұр-Сұлтан қаласының Ботаникалық бағы өзінің туған күнін атап өтеді. Бұл біздің ботаника және фитоинтродукция институтының үш филиалының бірі және елдегі ең жас Ботаникалық бақ. Ботаникалық бақтын негізі болып табылатын экспозициялық оранжереяның 2018 жылы ашылуы Елорданың 20 жылдығына орайластырылды. Осы жылдар ішінде Нұр-Сұлтан қаласының Ботаникалық бағы қаланың көрікті жеріне айналды және оның өз жанкүйерлері пайда болды.

Елордалық филиал қызметкерлерін 4 жылдығымен құттықтаймыз! Сізге сәтті жұмыс, таусылмайтын қуат, өсу және ғылыми жетістіктер тілейміз!

 

Жіберілімге жазылыңыз