«Сиверс алма ағашы: өнер, табиғат, ғылым» семинары

19 августа 2025,

2025 жылғы 14 тамызда Ботаника және фитоинтродукция институтында суретшілер мен арт-шеберханалардың жетекшілеріне арналған «Сиверс алмасы: өнер, табиғат, ғылым» атты семинар өтті. Толығырақ...

Сиверс алмасы бүкіл әлемге дерлік барлық алмалардың арғы тегі ретінде белгілі. Бүгінгі таңда ол баға жетпес генетикалық ресурс ретінде қорғауды және сақтауды қажет етеді. Ботаника және фитоинтродукция институтының Бас Ботаникалық бағында Қазақстанның табиғи экожүйелерінен іріктелген 170 форма түрінде ұсынылған Сиверс алмасының бірегей генқоры сақталған. Сондықтан осымен екінші жыл қатарынан Германиялық суретші Бригитте Хофхерр дәл біздің ботаникалық бақта воркшоптар мен семинарлар ұйымдастырып келеді.

Семинар қатысушыларына құттықтау сөзін Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Ситпаева Г.Т. және «Алмалы Жұмақ» ҚҚ директоры Джандосова А. айтты.

Жанғалиев атындағы жеміс өсімдіктерінің генқорын қорғау және интродукциялау зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Мұқан Гаухар қатысушыларды Сиверс алмасының коллекциялық қорымен таныстырып, біздің коллекцияның маңызы мен ғылыми зерттеулердегі рөлін түсіндірді. Бұдан кейін Алматы 2024 арт-жобасының таныстырылымы өтті, сондай-ақ «Сиверс алмасы тақырыбындағы өнер мен экологиялық білім беру» тұжырымдамасы мен бизнес-моделі бойынша Германиядан келген сарапшылар Ханнес Бюркманн мен София Филипп қатысқан пікірталас өтті.

Сиверс алмасын сақтау – ғалымдардың, суретшілердің, экологтардың және бүкіл қоғамның бірлескен күш-жігерін талап ететін міндет. Біз үшін Ботаника және фитоинтродукция институтының Бас ботаникалық бағы ғылым мен шығармашылық бір мақсат жолында тоғысатын алаңға айналғаны қуаныш – ол мақсат Қазақстанның баға жетпес мұрасын келер ұрпақ үшін сақтау.

                

Жіберілімге жазылыңыз