Институттың еліміздің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығы

30 мая 2023,

«Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК қызметінің маңызды бағыттарының бірі оқу-ағарту жұмыстары болып табылады. Толығырақ…

Институт еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықта (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақстан-Ресей медицина университеті, Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және т.б), студенттер біздің институттың базасында диссертациялар жазып, өндірістік тәжірибеден өтеді.

29 және 30 мамырда оқу және өндірістік тәжірибе туралы келісім негізінде өсімдік ресурстары зертханасының қызметкерлері Қазақстан-Ресей медицина университетінің 80 студентіне дәрілік өсімдіктерді жинау алаңына экскурсия жүргізді. 29 мамырда Тұқым банкі зертханасының қызметкерлері Қазақстан инженерлік-технологиялық институтының 30 студентіне Тұқым банкіне экскурсия өткізді. 22 мамыр мен 1 шілде аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттері дендрологиялық зертханада өндірістік тәжірибеден өтуде.

Ғалымдарымыз өз білімі мен тәжірибесін өскелең ұрпақпен бөлісуге әрқашан құлшыныспен қарайды. Студенттердің біразы болашақта ботаник ғалымдарының қатарына қосылады деп сенеміз.

                

Жіберілімге жазылыңыз