Оңтүстік Сібір ботаникалық бағымен ынтымақтастық

22 ноября 2024,

2024 жылдың 4 қарашасы мен 17 қарашасы аралығында 4 зертхананың қызметкерлері: Ботаника және фитоинтродукция институтының жоғары өсімдіктер флорасы, өсімдіктер әлемінің кадастры, молекулярлық генетика және биотехнология, өсімдік ресурстары «Генодиагностика» қосымша кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысу үшін Алтай мемлекеттік университетінің Оңтүстік-Сібір ботаникалық бағында (Барнаул, Ресей) іссапар болды. Толығырақ…

Сапар BR23591088 «Ұлытау өңірінің өсімдіктер кадастрын құру өңірдің ботаникалық ресурстарын тұрақты пайдалану үшін «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының міндеттерін іске асыру ретінде» (2024–2026 жж.) (жоба жетекшісі – б.ғ.к. Веселова П.В.) ғылыми-техникалық бағдарламасын және AP23484591 «Қырғыз Алатауының трансшекаралық жотасының Allium L. тұқымдасына кешенді зерттеулер (флористикалық, молекулалық-генетикалық, ресурстық) (жоба жетекшісі – б.ғ.д. Гемеджиева Н.Г.) және AP19679078 «Қазақстанның құрғақ флорасының реликті генофондын сақтау үшін солтүстік-шығыс Бетпақдаланың экотонды территориясының түр алуандығын зерттеу» (жоба жетекшісі – б.ғ.к. Веселова П.В.) гранттық жобаларын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды

Делегация жетекшілері – Жоғары өсімдіктер флорасы зертханасының меңгерушісі Веселова П.В. және жетекші ғылыми қызметкер Құдабаев Г.М. Алтай мемлекеттік университетінің Биология және биотехнология институтының әріптестеріне «Алматы облысының флорасы мен өсімдік ресурстарының қазіргі экологиялық жай-күйін кадастрлық бағалау ресурстық әлеуетті тиімді басқарудың ғылыми негізі ретінде» мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде жарияланған ғылыми еңбектер топтамасын ұсынды.

Ботаника және фитоинтродукция институты бұрыннан Алтай мемлекеттік университетімен және тікелей Оңтүстік Сібір ботаникалық бағының басшылығымен және қызметкерлерімен жақсы ғылыми байланыс орнатқан. Біздің ғалымдар бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруда. Осы жұмыстардың бір нәтижесі «Алматы облысының жоғары тамырлы өсімдіктер кадастры» (2023 ж.).

«Генодиагностика» қосымша кәсіптік оқыту бағдарламасы аясында институтымыздың жас мамандары молекулярлық генетика әдістерін меңгерді (оқшаулау, ПТР, секвенирлеу, алынған мәліметтерді өңдеу: филогенетикалық ағаштарды құру, әртүрлі өсімдік түрлерінің генетикалық айырмашылықтарын анықтау). Игерілген әдістер мен алынған білім болашақта ҚР флорасының эндемикалық және шаруашылық жағынан құнды түрлерін генетикалық сертификаттауды жүргізуге мүмкіндік береді.

          

Жіберілімге жазылыңыз