Спорттық абонементтер

08 ноября 2021,

Назар аударыңыз! Қысқы жұмыс кестесіне көшуге байланысты ботаникалық бақ қазір таңғы сағат 06:00-ден бастап спорттық абонемент иелері үшін ашық. Толығырақ…

Сізге, Бас Ботаникалық бақта серуендеу үшін спорттық абонемент сатып алуға болатындығын еске салғымыз келеді!Бұл ашық аспан астындағы спортты тамаша табиғатпен үйлестірудің бірегей мүмкіндігі.

Абонементті алған кезде, сіз бірегей QR - коды бар пластикалық карта аласыз, оны Ботаникалық баққа әрбір кірген сайын сканерлеу қажет. Айтпақшы, өзіңізбен пластикалық картаны алып жүрмес үшін, осы QR-кодты телефоныңызға сақтап қоюға болады.

10 реттік кіруге арналған абонемент құны - 9000 теңге.

Спорттық әрекеттеріңізден рахат алыңыз.

Жіберілімге жазылыңыз