18 наурызда Наурыз жаңару мен тазару мерекесіне орай «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Бас Ботаникалық бақта сенбілік ұйымдастырды. Толығырақ...
«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға аудару.
«Нархоз» университетінің студенттері сенбілікке қатысып, ботаникалық бақтағы көктемгі тазалық жұмыстарына көмектесу үшін бастама көтерді. Сенбілік аясында жылыжай кешені мен Сирингарий аумағы тазартылды. Студенттер құрғақ ағаш бұтақтарын тазалап, аумақтарды қысқы қоқыстан тазартып, көшет отырғызу орындарын дайындады. Жұмыстың қиындығына қарамастан, сенбілікке қатысушылар бірлескен күш-жігер арқылы ғана елімізді жасыл желекке бөлеп, таза, көрікті ете алатынымызды түсініп, алдағы уақытта да осындай шараларға атсалысуға ниетті екендіктерін жеткізді.