Сиверс алма ағашының гүлденуі

17 апреля 2026,

21 сәуір күні сағат 10:00-де баршаңызды ботаникалық бақтағы жабайы жеміс өсімдіктерінің коллекциялық учаскесіне шақырамыз — бұл әдетте келушілер үшін жабық болатын ерекше орын. Толығырақ...

Тек Сиверс алмасының гүлдену фестивалі аясында бұл жабық аумақ қонақтарға ашылып, сіздер ақ және қызғылт түске боялған гүлдеген алма ағаштарының әсем көрінісін тамашалай аласыздар.

Сіздерге мәдени алма сорттарының негізін қалаушы — Сиверс алмасының бірегей коллекциясын көруге тамаша мүмкіндік беріледі.

Бағдарламада:

- алма бағында серуен;

- алма ағаштарының гүлдеуін бақылау;

- академик А.Д. Жанғалиев атындағы Жеміс өсімдіктерінің генқорын сақтау және интродукциялау зертханасының меңгерушісі Мұқан Гаухар Сейсенбекқызының Сиверс алмасы туралы дәрісі;

- гүлденген бақтың көркем атмосферасында суретшілерге арналған пленэр.

Коллекциялық учаскесі 1970 жылы академик Аймақ Жанғалиевич Жанғалиевтің жетекшілігімен құрылған. Бүгінде 6 гектар аумақта таулы жеміс ормандарының табиғи популяцияларынан жиналған Сиверс алмасының 170 клон-сорты (527 үлгі) өсірілуде.

Табиғатпен жақынырақ танысып, алма ағаштары туралы жаңа мәліметтер алып қана қоймай, олардың әсемдігінен шабыт алуға мүмкіндік жіберіп алмаңыз!

Күні: 21 сәуір, сағат 10:00
Алдын ала жазылу: +7 708 970 58 66, орын саны шектеулі
Экскурсия қазақ және орыс тілдерінде өтеді
Ұзақтығы: 40 минут

Құны: Ересектерге – 4039,28 тг, балаларға – 3573,21 тг

Жиналу орны: Солтүстік кіреберіс павильоны, Тимирязев көшесі 36д, к.2

 

Жіберілімге жазылыңыз