«Таза Қазақстан» акциясына қатысу

23 января 2025,

2025 жылдың 22 қаңтарында Бас Ботаникалық бақта халықты экологиялық таза өмір салтын таныстыруға арналған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық ауқымды акциясы аясында іс-шара өтті. Толығырақ...

ҚР ЭТРМ ОШЖДК «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК және «Республикалық орман селекциялық тұқым орталығы» РМҚК бірлесе отырып Алматы қаласының мектеп оқушыларының тұқым отырғызуын ұйымдастырды.

Акцияның негізгі мақсаты – экологиялық сауаттылықты арттыру, табиғат пен қоршаған ортаға деген ұқыпты көзқарасты насихаттау, өсімдіктермен және оларды өсіру әдістерімен таныстыру. Отырғызу үшін бес өсімдік түрінің тұқымдары таңдалды, оның ішінде Қызыл кітапқа енген: Шренк шыршасы, Сиверс алма ағашы, жіңішке жапырақты жиде, кәдімгі өрік және қара сексеуіл тұқымдары.

Тұқым себуге екі мектептен: «Инсайт» дербес инклюзивті мектебінен және Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатынан 50 оқушы қатысты. Мектеп оқушылары тек тұқым себуге қатысып қана қоймай, дендрология зертхана, академик А.Д.Жанғалиев атындағы жеміс-жидек өсімдіктерінің генофондын қорғау және интродукциялау зертханасы қызметкерлері мен Республикалық о рман селекциялық тұқым орталығының өкілі дайындаған дәріс барысында өсімдіктер мен олардың экожүйедегі рөлі туралы көптеген қызықты мәліметтер алды.

Көктемде өсірілген өсімдіктер «Қазақстан» көрме аймағының коллекциясын одан әрі толықтыру үшін Бас ботаникалық бақ питомнигіндегі ашық жерге ауыстырылады.

Іс-шара табиғатты аялау кез келген адамға қолжетімді екенін көрсетіп, қабілеті әртүрлі балалардың басын қосты. Бұл шара институт 2024 жылы алғаш рет өткізген InEcoFest фестивалінің жалғасы ретінде экология мен инклюзивті тағы бір рет біріктірді және экологиялық білім беру және салауатты инклюзивті қоғам құру саласындағы осы жұмысты жалғастырады. Осыған байланысты біз әлеуетті серіктестер мен демеушілер тарапынан осы саладағы ынтымақтастық туралы ұсыныстарды қарауға әрқашан қуаныштымыз.

               

Жіберілімге жазылыңыз